Түркістан облысында 4 ауылды су басып, 620 үй бүлінді

None
None
МАҚТААРАЛ. ҚазАқпарат - Қазіргі таңда Түркістан облысы Мақтаарал ауданының 4 елдімекені су астында қалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімдігіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда Жаңатұрмыс (46 үй), Жеңіс (130 үй), Фирдоуси (250 үй) және Өргебас (194 үй) ауылдарын су басқан. Жалпы 620 үйге зақым келген.

Тұрғындарды көшіру үшін 22 эвакуациялық орын даярланған. Бүгінгі күні бұл орындарға орналасқан адам саны 7000-ға жуық.

Эвакуациялық бөлімдерде тұрғындарды 120 медицина қызметкері тексеруден өткізіп жатыр. Полиция қызметкерлері Жеңіс, Жаңатұрмыс, Фирдоуси, Өргебас елді мекендеріне 5 блокпост қойып, қауіпсіздікті қамтамасыз етуде.

Сонымен қатар, көршілес Жетісай ауданы Қоғалы елді мекенінде қауіпсіздікті күшейту мақсатында 5 техника, 508 адам жұмылдырылған.

«Жағдай тұрақты бақылауда, барлық қажетті көмек уақтылы көрсетіліп жатыр» деп мәлім етті облыс әкімінің ба спасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар