Түркістан облысында 4 адам ысты газға уланып, мерт болды
2021 жылғы 28 қараша 20:30

Түркістан облысында 4 адам ысты газға уланып, мерт болды

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында 4 адам ысты газға уланып, қаза болды. Бұл туралы Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қайғылы оқиға Келес ауданына қарасты Ұшқын ауылындағы жеке тұрғын үйде болды.

28 қараша күні сағат 12:30 шамасында «112» қызметіне хабарласқан жергілікті тұрғын жеке тұрғын үйден 4 адамның, оның ішінде 1 кәмелеттік жасқа толмаған баланың мәйіті жатқандығы туралы айтқан.

«Үй ішінде өрт болғаны байқалмайды. Үйде табиғи газбен жылыту жабдығы орнатылған. Пеш қатты отынмен жұмыс істеуге арналған, табиғи газбен жылытуға қайта жабдықталған. Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы анықталуда», - деді ТЖД баспасөз қызметінен.

Алдын ала мәлімет бойынша, 49, 47 жастағы ағайынды жігіттер, тұлғасы анықталмаған әйел және 3-4 жас шамасындағы ер бала көз жұмған.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT