Түркістан облысында 36 азамат «қызыл» статуспен қоғамдық орындарға барған

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында барлығы 2122 азамат үй карантиніне жатқызылған. 23 мамыр мен 28 шілде аралығында 258 азаматтың «қызыл», «сары» мәртебесі бола тұра оқшаулау режимін бұзғандығы Ashyq жобасы арқылы белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның ішінде 36 азаматтың - «қызыл», 110 азаматтың «сары» статусы болған. Індеттің таралу қаупін тудырғандардың дені қоғамдық тамақтану орындарына, Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен қонақ үй, сауда үйлеріне кірмек болған. Алайда Ashyq жобасы арқылы әрекеттеріне тосқауыл қойылды. ​​​​​Белгілі болғандай, науқастардың кейбірі тіпті, бірнеше нысанға барған.

Карантин режимін бұзғандарға ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы бойынша 19-на 30 АЕК айыппұл салынды. ​​​​Ал коронавируспен ауырған адамдармен қарым-қатынаста болған «сары» мәртебесі бар тұлғалардың барлығына қаулылар шығарылды.

Айта кетейік, өңірде Ashyq жобасы сәуір айынан бастап жүзеге асырыла бастады. Бүгінгі таңда 3116 нысан жүйені пайдаланады. Кәсіпкерлік палатасына Ashyq жобасын енгізу үшін тағы 3374 өтініш берілген.​​​​​​ Бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес талаптарды орындамаған, яғни келушілердің QR-кодты (check-in) сканерлемеуін қадағаламаған, 177 нысан жобадан шығарылды.​​​


Соңғы жаңалықтар