Түркістан облысында 335 мың тонна мақта жиналды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталды. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы биыл шаруалардың 335,9 мың тонна мақта жиналғанын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Басқарманың хабарлауынша, ағымдағы жылы облыс бойынша 132,5 мың га мақта дақылы егіліп, түсімділігі әр гектарынан 25,3 центнерден  шитті мақта жиналған.  Облыс бойынша Отырар (27,0 ц/га), Шардара (26,4 ц/га) және Жетісай (25,9 ц/га) аудандары «ақ алтын» жинауда жоғары көрсеткішке қол жеткізген. Жалпы жиналған мақтаның 197,3 мың тоннасы комбайнмен терілген.Осылайша шаруалар өткен жылғымен салыстырғанда 4 мың тонна мақта артық жинады.null 

Айта кетейік, биылғы жылы мақта зауыттары мен қабылдау бекеттерінде шитті мақтаның бағасы 180 мың теңгеден белгіленіп, тауар өндірушілерге біршама қолдау болды. Ал, көктемгі және күзгі дала жұмыстарын жүргізуге 78,2 мың тонна жанар-жағар май бөлініп, ішкі нарықтағы бағадан 20 теңге арзан таратылды. Сонымен қатар, 86 мың тоннадан астам минералды тыңайтқыштарға облыстық бюджеттен 4,3 млрд.теңге қаржы бөлінді. Соның нәтижесінде тауар өндірушілердің ауыл шаруашылығы дақылдарына пайдаланған минералды тыңайтқыштардың құны ішінара субсидияланды.

null null 

Соңғы жаңалықтар