Түркістан облысында 3 жасар бүлдіршін өртенген көліктің ішінде қалып қойған

None
None
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - Түркістан облысында 4 үй өртеніп кетті. Тағы жалынға оранған көліктің ішінен 3 жасар бүлдіршіннің мәйіті табылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің харалауынша, қайғылы жағдай Сарыағаш ауданының Жемісті ауылында болған.

«6-шы шілде күні күндізгі сағат 13.23-те кезекші бөлімге Жемісті ауылында 4 үй өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына 15 сөндіруші мен 3 техника жұмылдырылған. Сондай-ақ аудандық ІІБ-нің жедел-тергеу тобының 20 қызметкері 4 техникамен жеткен. Жалын бір көшенің бойындағы 4 үйге тарағаны  анықталды. Бір үйдің ішінде «Ваз-2106» маркалы көлік өртеніп, оны төтенше жағдайлар қызметкерлері сөндіріп алған. Көліктің ішінен 2015 жылғы баланың мәйіті табылды», - делінген хабарламада.

Өрт болған жерде сөндіру жұмыстары әлі де жалғасуда. Сондай-ақ, көз жұмған баланың көлікте қалай қалып қойғаны анықталып жатыр. 
Соңғы мәлімет бойынша өрт үш үйдің 436 шаршы метр аумағын шарпыған. Ал, төртінші үйдің 96 шаршы метр шатыры жанып кеткен. Жанған жердің жалпы көлемі 536 шаршы метр. Өрт 16.03-те толықтай сөндірілді. Оқиға орнына ТЖД-ның 17 қызметкері мен 3 техникасы және Сарыағаш аудандық ІІБ-ның жедел-тергеу тобының қызметкерлері жұмылдырылды.

nullnullnull

Соңғы жаңалықтар