Түркістан облысында 3,5 мыңға жуық жүргізуші жол ережесін бұзған

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат -  Түркістан облысында 3,5 мыңға жуық жүргізуші жол ережесін бұзған.  11-14 қазан аралығында  «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық шарасын өткізген полицейлер 500-ге тарта тұрғынның көлікті ұялы телефонмен сөйлесіп отырып жүргізетінін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Рейдтік шараға Түркістан облыстық ІІД  Жергілікті полиция қызметі, жол-патруль полициясы, учаскелік инспекторлар мен басқа құрылымдардан барлығы 600-ге жуық қызметкер жұмылдырылды. Жедел-профилактикалық іс-шара нәтижесінде көлік құралын масаң күйде басқарған 39 адамды ұстады.  Жылдамдықты арттырған 179 жүргізуші мен маневр жасау тәртібін бұзған 123 жәйт бойынша хаттама толтырылған. 

Сондай-ақ, 441 жүргізушінің ұялы телефон пайдаланғаны, 658 жүргізушінің қауіпсіздік белдігін қолданбағаны тіркеуге алынды. Жаяу жүргіншілерге жол бермеген 33 жайт бойынша қала тұрғындары жауапкершілікке тартылған.  

Соңғы жаңалықтар