Түркістан облысында 26 мыңға жуық адам ревакцинацияланды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында қазіргі таңда 25975 адам ревакцинацияланды. Эпидемиологиялық ахуал матрицасы бойынша аталған өңір «жасыл» аймақта тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыста бүгінгі күнге дейін 1037273 адам екпе қабылдады. Ал, екінші компонентпен 1020974 адам вакцина алды. Соңғы тәулікте 243 адам екпе салдыруға ниет білдіріп, 3 адамнан COVID-19 вирусы анықталып, тәуліктік өсім 0,02% құрады. Жұқпалы аурулар ауруханасында барлығы 231 орын бар болса, оның 139-і бос тұр.

Пандемия басталғалы 15 755 адам коронавирус жұқтырды. Олардың 7747-да ауру симптомсыз өткен болатын. Бүгінде облыс тұрғындары «Спутник-V», «QazVac» және «Sinopharm» вакциналарын салдыруда. Өңірде ревакцинация жасаушыларға «HayatVax», «QazVac», «CoronaVac», «Синофарм» вакциналары салынуда. Ал, «Спутник V» вакцинасын салдырғандар арада 9 ай уақыт өткен соң ревакцинация жасалуда.


Соңғы жаңалықтар