+7 (701) 759 90 19
USD 385.76 EUR 427.89
RUB 6.04 CNY 54.79
Jańalyqtar

Түркістан облысында 24 мыңнан астам оқушы мектепті аяқтайды

2019 жылғы 19 мамыр 08:49
Бөлісіңіз:
Түркістан облысында 24 мыңнан астам оқушы мектепті аяқтайды

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Биыл Түркістан облысында 24 061 оқушы 11-сыныпты аяқтайды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Ардақ Садықова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Білім және ғылым министрлігі бекіткен Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру қағидаларына сәйкес, тестілеу 2019 жылдың 20 маусымы мен 5 шілдесі аралығында өтеді.

Биылдан бастап Ұлттық бірыңғай тестілеуді жылына 4 рет тапсыруға болады: қаңтар, наурыз, маусым және тамыз айларында. Қаңтар, наурыз және тамыздағы тестілеудің нәтижесімен бітіруші ақылы түрде оқуға түсуге мүмкіндік алады. Маусымдағы тест - мемлекеттік грант негізінде тегін оқуға түсуге мүмкіндік береді. Жалпы ҰБТ тапсыру ережесінде өзгерістер жоқ. ҰБТ-ға құжаттар қабылдау ағымдағы жылғы 1 сәуірде басталып, 10 мамырда аяқталды.

«Түркістан облысында ҰБТ өтетін 15 пункт бар. Олардың 1-еуі жоғары оқу орнының базасында, 2-еуі колледждерде, 12-сі орта мектептерде орналасқан. 2019 жылдың қаңтар айында алғашқы рет ақылы түрде 5206 бітіруші тест тапсырды. Оның қорытындысы бойынша облыстың орташа балы 58,3-ті құрады. Наурыз айында 14375 түлек ақылы тестке өтініш беріп, 14 208-і тестке қатысты. Орташа балл - 79,5», - делінген облыс әкімдігінің ақпаратында.

Мәлім болғандай, биыл облыста ҰБТ-ға 16 мыңнан астам адам қатысады.

Сонымен қатар мектептерге енгізілген «BILIMLEND» электрондық платформасындағы «Іtest» жүйесінде ҰБТ-ға тегін дайындалуға және Ұлттық тестілеу орталығының сайтында тесті ақылы тапсыруға мүмкіндік қарастырылған.

Бұдан бөлек, облыста «EDTECH-KZ» халықаралық білім орталығының «KASIP TEST» жеке тұлғаның кәсіби диагностикасының автоматтандырылған жүйесі арқылы мектеп бітірушілерге онлайн түрде кәсіби диагностикалау жүргізілді. Оған 11-сыныптағы 24 183 оқушының 21542-і қатысты.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT