Түркістан облысында 20 жылдан астам құжатсыз жүрген әйелге көмек көрсетілді
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында 20 жылдан астам құжатсыз жүрген әйелге көмек көрсетілді. Өзбекстан Республикасында дүниеге келген Шахноза Мадаминова 1998 жылы Созақ ауданына көшіп келіп, төрт баланы дүниеге әкелген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазіргі таңда Сызған ауылында тұратын келіншек осы күнге дейін құжатсыз жүрген. Арнайы мобильдік топтың рейд жұмыстарын жүргізу кезінде Шахнозаның құжатсыз жүргендігі анықталып, көші-қон полицейлері бірден көмек қолын созған. Елшілік арқылы байланысқа шығып, жан-жақты жұмыстар жүргізілген. Бүгінде ол «Азаматтығы жоқ куәлігімен» рәсімделді. Ендігі кезекте басқа да құжаттарының жасалуы жолында жұмыстар атқарылмақ. Өз кезегінде Шахноза полицейлерге шынайы ризашылығын жеткізіп, алғыс айтты.
- Түркістанда жеке үйде төрт бала мен бір ересек адамның жансыз денесі табылды
- ШҚО-да қару сақтау тәртібін бұзған 6 мекемеге айыппұл салынды
- Вероника Нұрпейісова: «Ashyq» мобильді қосымшасы - оңтайлы шешім
- Павлодар облысында халық саны азайды
-
ШҚО-да биыл 70 чернобыльдық санаториялық-курорттық ем алады
-
Қазақстанда үкіметтік емес ұйымдардың әлеуеті жоғары - Ерлан Саиров
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам