Түркістан облысында 2 мыңнан астам оқушы карантинге жіберілді

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Жаңа оқу жылының басынан 20 қыркүйекке дейін Түркістан облысында 38 мұғалім мен 148 оқушы коронавирус инфекциясымен ауырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің сайтына сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, өңірде 71 оқушы сабаққа офлайн форматта қатысып келген, қалған 77 оқушы оқу жылы басталғанға дейін жұқтырған.

«​​​​​​​​​​​Эпидемияға қарсы іс-шаралар барысында науқастармен байланыста болған 2 176 оқушы, яғни 92 сынып 14 күндік үй карантиніне оқшауланып, оқыту онлайн-форматқа ауыстырылды», делінген хабарламада.

«2021-2022 оқу жылында білім беру ұйымдарында коронавирус инфекциясының алдын алу туралы» ҚР Бас мемлекеттік санитария дәрігерінің №36 қаулысына сәйкес сыныпта COVID-19 ауруы тіркелген жағдайда сынып 14 күн бойы үй карантиніне оқшаулауланады.

«Облыстың 934 білім беру ұйымдарында 100 пайыз Ashyq бағдарламасы енгізілген. Облыстың санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармалары COVID-19 -дың таралуын болдырмауға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмысын жалғастыруда. ​​​​​​​​​​​​Жаңа оқу жылы қарсаңында Zoom платформасы арқылы мектеп директорлары мен оқу орындарының медицина қызметкерлері арасында коронавирус инфекциясының алдын алу жөніндегі семинарлар өткізілді», делінген хабарламада.

Бас мемлекеттік санитария дәрігерінің қаулысына сәйкес жауапты қызметкерлер барлық педагогтің, персоналдың және білім алушының дене қызуын сенсор термометрмен өлшеуі керек, қолдың антисептикпен өңделуін бақылауы қажет.​​ Әрбір қабатта, қолжетімді жерде антисептигі бар санитайзер, лас масканы жинауға арналған таңбаланған жәшіктер орнатылуы, дозаторда сабынның, қол жуу ережелері бар плакатың болуы, сондай-ақ білім алушының әлеуметтік қашықты қатаң сақтауы тексерілуі тиіс. ​​​​​​

Соңғы жаңалықтар