+7 (701) 759 90 19
USD 422.87 EUR 512.1
RUB 5.63 CNY 64.49
Jańalyqtar

Түркістан облысында 2 қарашадан бастап мешіттерде 5 уақыт намаз оқыла бастайды

2020 жылғы 30 қазан 10:43
Бөлісіңіз:
Түркістан облысында 2 қарашадан бастап мешіттерде 5 уақыт намаз оқыла бастайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен ел аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі Ведомствоаралық комиссияның (ВАК) селекторлық отырысы өткен болатын. Онда комиссия мешіт жұмысына қатысты шешім қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қабылданған шешім бойынша ағымдағы жылдың 2 қарашасынан бастап (жұма намазын қоспағанда) мешіттерде ұжымдық намаз (бес уақыт намаз) өткізуге рұқсат берілді. Алайда мешітте 100 адамнан артық кісі болмауы керек. Сондай-ақ, адамдар бетперделік режиммен 2 метр әлеуметтік арақашықтықты сақтаулары қажет. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мешітке келуші жамағатты санитарлық-дезинфекциялық режимді қатаң сақтауға шақырады.

Түркістан облысы бойының бас имамы Мұсабек Ақтамберді карантин жағдайына байланысты әзірше жұма намазы оқылмайтынын хабарлайды. Бұдан өзге, мешіт қызметкерлері мен келушілер міндетті түрде бетпердемен жүруі міндетті. Барлық мешіттердің намаз оқитын, құран оқитын бөлмелерінде антисептикалық құралдармен қамтамасыз етіледі. Мешітке жеке құлшылыққа келген азаматтардың мешітте ұзақ уақыт болмауы керек. Мешіт дәретханалары карантин режимі аяқталғанша жабық тұратын болады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT