Түркістан облысында 160-тан астам қой ұрлаған күдікті ұсталды

None
None
ТҮРКІСТАН.ҚазАқпарат – Түркістан облысында 160-тан астам қойды қолды еткен күдікті ұсталды. Барымташы жәбірленушіге 6 миллион 380 мың теңге шығын келтірген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, Созақ АПБ-не Шымкент қаласының тұрғыны ұсақ малдарының Созақ ауданындағы жайылымдардың бірінде ұрланғанын айтып арызданған. Полицейлер бастапқыда малдарды ауыл аймақтан, жайылымнан іздейді. Кейіннен тінту шараларына тәжірибелі тәртіп сақшылары тартылып, іздестіруді күшейтеді. Нәтижесінде күдікке жәбірленушінің малын баққан бақташы ілігеді. Ол Жезқазған қаласында қолға түсті. Белгілі болғандай, Төлеби ауданынан келген малшының өзі бағып жүрген малдарды сатып, қомақты қаржымен бірге ауданнан ізін суытқаны анықталды. Күдікті Созақ аудандық полиция бөліміне жеткізіліп, тергеу амалдары жүргізілуде.

«Аталмыш жайт бойынша Созақ АПБ-нің полицейлері сотқа дейінгі тергеп- тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеп, ҚР ҚК-нің 189-бабы «Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу» бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазіргі таңда жинақталған барлық құжаттар нақты шешім шығарылу үшін сотқа жолданды» делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар