+7 (701) 759 90 19
USD 419.45 EUR 504.64
RUB 5.68 CNY 64.88
Jańalyqtar

Түркістан облысында 1500 шақырымнан астам жол жөнделді

2021 жылғы 15 қаңтар 21:46
Бөлісіңіз:
Түркістан облысында 1500 шақырымнан астам жол жөнделді

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында 2020 жылы 828 нысан, оның ішінде 1525,4 шақырым жол мен көшелерде құрылыс-жөндеу жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматылықтар жолдағы шұңқырларға қатысты шағымданып жатыр

Жылдық жоспар бойынша қалған 40 нысан, 449,4 шақырым жол келесі жылдарға өтпелі. Ал 2021 жылы құрылыс-жөндеу жұмыстарымен 155 нысан қамтылып, 608,7 шақырым жол мен елді мекен көшелері жөнделетін болады.

Облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағатты жағдайдағы үлесі 2020 жылдың қорытындысымен 79%-ға қол жеткізілді. 2021 жылдың жоспары ретінде 81,4%-ға жеткізу межеленген. Аталған индикатор көрсеткішін 2025 жылға дейін 89,8%-ға арттыру жоспарланып отыр.

Облыс орталығы Түркістан қаласы бойынша көшелердің жалпы ұзындығы 845 шақырымды құрайды. Асфальт жабындысы бар көшелер – 300,8 шақырымды (35,6%),тас және топырақ жабынды көшелер – 544,2 шақырымды (64,4%) құрап отыр. 2020 жылы 166,4 шақырым көшеге жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілген.

Жыл қорытындысымен жақсы және қанағатты жағдайдағы көшелердің үлесі 23,7%-дан 35,6%-ға артқан. 2021 жылы Түркістан қаласының автомобиль жолдары саласын дамытуға 3,4 млрд.теңге қаралып, 40,4 шақырым жол құрылыс-жөндеу жұмыстарымен қамтылады деп жоспарлануда.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT