Түркістан облысында 15 жасар бала Арыс өзеніне батып кетті

None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Арыс өзенінің бойындағы шомылуға тыйым салынған аймақта суға түскен бала қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға Ордабасы ауданы Темірлан ауылынан бір шақырым жердегі Арыс өзенінің бойында болған.

2007 жылы туған жасөспірім отбасымен демалыс өткізу кезінде шомылуға тыйым салынған орында суға түсіп, қайтадан шықпаған.

«Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағына қарасты құтқарушылар мен сүңгуірлер баланың мәйітін судан алып шықты. Оқиға орнындағы баланы іздеу жұмысына Түркістан облысы ТЖД 2 қызметкері мен бір техникасы және жедел құтқару жасағының 5 құтқарушысы, полиция департаментінің 4 қызметкері жұмылдырылды» - делінген Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.



Соңғы жаңалықтар