Түркістан облысында 138 шетелдік қамауға алынып, 124-і елден шығарылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Облыста көші-қон заңдылығын бұзған 3919 шетелдік пен Қазақстан азаматтары анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Атап айтқанда 1495 адамға ескерту берілсе, 1897-сіне әкімшілік айыппұлдар салынды. Ал, 138 шетелдік әкімшілік қамауға алынды. Сондай-ақ, өзге елдердің 124 азаматы ел аумағынан аластатылды», - делінген мәлімдемеде.

Сонымен қатар, облыста жыл басынан бері 7784 шетелдік пен азаматтығы жоқ тұлғалар қабылдаушы тараптардың хабарламалары негізінде есепке қойылған. Бұл - өткен жылдың осы кезеңіне қарағанда 3,5 пайыз артық.

«Шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланған 56 және шетелдіктерді заңсыз тұрғын үймен қамтамасыз еткен 367 ҚР азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жыл басынан бері жалпы заңсыз көші-қонға қатысты 7 қылмыстық іс қозғалды. Оның ішінде мемлекеттік шекарадан заңсыз өту бойынша 2 іс және заңсыз көші-қонды ұйымдастыруға байланысты 5 іс тіркелген», - дейді облыстық ПД баспасөз қызметінен.

Ал, 842 адам Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы арызданып, 790-ы жеңілдетілген тәртіппен қабылданды. 118 тұлғаның азаматтыққа қатыстылығын анықтау бойынша өтініштері қаралып, қанағаттандырылған.

Айта кетсек, 600-ден астам шетелдік Солтүстік Қазақстан облысында жұмыс істеуге рұқсат сұрады.


Соңғы жаңалықтар