Түркістан облысында 1270 шақырым жол салынды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында өткен жылы 1 270 шақырым жол салынып, пайдалануға берілген.

Нәтижесінде өңірдегі облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағатты жағдайдағы үлесі 74,1 пайызға жетіп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық әкімдіктің мәліметінше, ағымдағы жылы бұл көрсеткіш 77,6 пайызға жеткізілмек.

Жоспарға сәйкес, 2021 жылы облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағатты жағдайдағы үлесін 81,4 пайызға дейін ұлғайту көзделуде. Бұдан бөлек, облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының бойындағы 408 көпірдің 28-і жөндеуді талап етеді.


Өткен жылы 5 көпір жөнделген болса, 9 көпірге жобалау сметалық құжаттары әзірленген.

Сала мамандарының сөзінше, ағымдағы жылы 223 нысан немесе 869,8 шақырым жол жөндеуден өтеді деп жоспарланған. Атқарылатын жұмыстардың басым бөлігі Мақтаарал, Жетісай, Келес, Шардара аудандарындағы автомобиль жолдарына тиесілі болмақ.



Соңғы жаңалықтар