Түркістан облысында 120 мыңға жуық тұрғынға ревакцинация жасалды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат- Түркістан облысында 120 мыңға жуық тұрғын ревакцинациядан өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркістан облысында соңғы тәулікте коронавирус инфекциясының 90 жағдайы тіркелді. Тәуліктік өсім 0,5% құрайды. Өңірде 150 вакцина салдыру бекеттері жұмыс істеп тұр. Облыс бойынша 341 жасақталған мобильді бригада құрылған.

Қазір вакцинаның бірінші компонентімен түркістандықтар толық қамтылды. Ал екінші құрамды 1 039 738 адам қабылдады. Ревакцинацияны 119 600 тұрғын алды. Пандемия басталғалы өңір бойынша ауырғандар саны 17 989-ке жетті. Оның 9280-інде ауру симптомсыз өткен. Ал 4646 инфекциялық стационарларда ем қабылдады.

Жалпы, 900 инфекциялық төсек орын ұйымдастырылған. Айта кетейік, пандемия басталғалы 16064 науқас індеттен толық айыққан. Жалпы 1 210 585 ПТР сынамасы алынған. Ал соңғы тәулікте зертханаларда 1742 адам тексеруден өткен.


Соңғы жаңалықтар