Түркістан облысында 120 мың гектарға жуық жайылымдық жер пайдалануға берілді

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жүргізілген түгендеу жұмыстары барысында 43,8 мың гектар жердің пайдаланылмай жатқаны анықталды. Қазіргі таңда, оның 17,9 мың гектарын жер иелері өз еріктерімен мемлекет меншігіне қайтарған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық Жер қатынастары басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ерғали Тілегеннің айтуынша, өңірде 18,8 мың гектар жер қазір қайта игеріле бастаған. Ал, 8,8 мың гектар жерді аудан- қала әкімдіктері тарапынан мемлекет меншігіне қайтару шаралары жүргізілуде.

«Биыл ауыл шаруашылығы мақсатындағы 145,5 мың гектар жерді айналымға қосу жоспарланған. Нәтижесінде конкурс арқылы жалпы аумағы 47,1 мың гектар 867 жер телімі айналымға енгізілді. Облыс әкімінің тапсырмасымен жайылым жерлерді қайтарудың 5 бағыттық алгоритмі әзірленген. Нәтижесінде бірінші кезекте жайылым тапшылығы орын алған 152 елді мекен маңындағы жекешелендіріліп кеткен 129,6 мың гектар жайылымдық жер анықталды. Бүгінге дейін оның 117,6 мың гектары ауыл әкімшіліктерінің теңгеріміне берілді. Жыл соңына дейін бекітілген жоспар толығымен орындалады», – деді Ерғали Амангелдіұлы.


Соңғы жаңалықтар