Түркістан облысында 12 мектеп директоры лицензиялау нормаларын бұзған

None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында лицензиялау нормаларын бұзған мектеп басшыларына айыппұл салынды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету облыстық департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркістан облысында Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген лицензиялау нормаларын бұзған 12 мектеп басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Заңсыздыққа жол берген лауазымды тұлғалардың барлығы Сауран ауданына қарасты мектептердің директорлары.

«Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің мәліметіне сүйенсек, лауазымды тұлғалар мектептің атауы өзгергеннен бастап 30 күн ішінде лицензияны немесе лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге тиісті өтінішті бермеген.

Осыған байланысты, 12 мектеп директорына 1 863 000 теңге көлемінде айыппұл салынды», - делінген департамент таратқан ақпаратта.


Соңғы жаңалықтар