+7 (701) 759 90 19
USD 381.10 EUR 420.81
RUB 5.65 CNY 54.57
Jańalyqtar

Түркістан облысында 110 балаға қамқорлық жасады

2020 жылғы 28 қаңтар 12:25
Бөлісіңіз:
Түркістан облысында 110 балаға қамқорлық жасады

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында аймақ басшысы Өмірзақ Шөкеевтің бастамасымен ауыл-аудандарында «Қамқорлық» бағдарламасы іске аса бастағаны белгілі. Өңірде бастау алған қайырымдылық іс-шарасына сайрамдық тұрғындар да белсенділік танытуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Елордада «Жаңа сын-қатерлер кезеңіндегі медиа» атты дөңгелек үстел өтті Еуропа лигасы: «Порту» өз алаңында «Байерден» жеңіліп қалды Нұрымбетовтің қабылдауында болған азаматтар қандай мәселелерді көтерді

Сайрам ауданының орталығындағы орта мектепте қайырымдылық шарасы ұйымдастырылып, онда мұқтаж отбасынан шыққан 110 балаға көмек көрсетілді.

Аудан әкімінің орынбасары Мадияр Оразалиевтің қатысуымен өткен шарада 52 отбасының балаларына қажетті киім-кешек табысталды. Аталған акцияға Шымкент қалалық мəслихатының депутаты Хусанхан Ахматхановтың ұйытқы болуымен, Кувейт қаласының Дүниежүзілік ислам қайырымдылық қорының басшылары Әлван Ясер Мохамед Әли мен Бадр Саиуд Әл-Сумайт мырзалар демеушілік жасаған.

«Қайырымдылық – игіліктің бастауы, жақсылықтың нышаны. Бұл өсіп келе жатқан жастарымыздың алаңсыз білім алуына, сонымен қатар болашағы жарқын болуына септігін тигізетіні сөзсіз. Бұл игі бастама ауданымызда әрі қарай жалғасын табатынына сенімімiз мол», - деді Мадияр Оразәлиев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Түркістан облысы, Қоғам,
Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT