Түркістан облысында 107 мыңнан астам тұрғын 15 мың теңгелік жәрдемақы алды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президентінің тапсырмасына сәйкес Түркістан облысында 107 мыңнан астам тұрғын коммуналдық төлемдер үшін берілетін 15 мың теңгелік жәрдемақы алды. Олар Telegram әлеуметтік желісіндегі «Smart Turkіstan Bot» немесе call-орталық арқылы өтінім жолдаған болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірдегі әр аудан-қалаларда жеке call-орталықтар жедел қызмет көрсетуде. Бүгінгі таңда, жалпы тұрғындардан 154 028 өтінім түсіп, оның ішінде 107 496-сы мақұлданған. Ал, 42 583 өтінім қаралып жатса, 3 919 өтінім кері қайтарылған. Қазіргі таңда тұрғындардың дербес шоттарына – 701 491 584 қаржы аударылған. Сала мамандары базбір өтінімдердің кері қайтарылу себебін бір отбасыдан 2 адамнан көп өтінім жолдағанымен түсіндіреді. Сондай-ақ, тұрғындардың тұрғылықты мекен-жайын дұрыс таңдамағанын және дербес шоттарын дұрыс ұсынбағанын айтады.

Айта кетейік, тұтынылған коммуналдық қызметтерге газ, электр энергиясы, жылу, ауыз су және кәріз жүйелерінің қызметі кіреді. Бұл қызметтер үшін тұрғындардан түскен өтінімдер бойынша өтемақы толық төленген. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі бекіткен бұйрығына сәйкес, өтінімдерді қабылдау маусым айының 25-не дейін жалғасады.


Соңғы жаңалықтар