Түркістан облысында 1000 гектарға жуық жылыжай бар

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысының Сарыағаш ауданына баспасөз туры ұйымдастырылды. Сапар аясында БАҚ қызметкерлері шаруа қожалығы мен ауыл шаруашылығы кешенінің жұмысымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Журналистер әуелі Қапланбек ауылдық округінде орналасқан «Занджанижад» шаруа қожалығына аялдады. 2012 жылы іске қосылған қожалықтың қазір 3 гектар жері бар. Оның ішінде жылыжай көлемі - 1,2 гектар. Жылыжайдың негізгінен қызанақ өсіреді. Қожалық былтыр 140 тонна өнім алған. Биыл өнім көлемін едәуір арттыра түспек. Қызанақты отандық нарық пен Ресейге жөнелтіп келеді. Қазіргі таңда 5 адам жұмыспен қамтылған. Орташа жалақы - 55-60 мың теңге. Серіктестік иесі Занджанижад Рустемнің айтуынша, жылыжайдың қызанақтары табиғи таза өнім.

Кейін журналистер Жібек жолы ауылдық округінде орналасқан «Измир Сарыағаш» ауыл шаруашылығы кешеніне барды. 2017 жылы жұмысын бастаған кешенде 20 гектар - бау, 4 гектар - жылыжай бар. Сондай-ақ, 62 бас Абердин-Ангус сиыры бар. Оның 57-сі ұрғашы, 5-уі асылтұқымды бұқа. Кешенде 60 мың теңге орташа айлықпен жалпы 5 адам жұмыспен қамтылып отыр. Алдағы уақытта ірі қара мал санын 500-ге жеткізбек.
null

Айта кетерлігі, Түркістан облысы бойынша 2018 жылдың қорытындысымен жылыжай көлемі 934,9 гектарды құраса, қазіргі таңда облыста 988,2 га жылыжай бар. 2019 жылдың қорытысындысымен өңірде жылыжай көлемін 1114,9 гектарға жеткізу жоспарланып отыр. Ал Сарыағаш ауданында өткен жылы 635,5 га жылыжай болса, бүгінгі таңда 649,1 га жылыжай бар.

null null null null

Соңғы жаңалықтар