Түркістан облысында 100-ден астам мектеп директорының орны бос тұр

Фото:
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында 100-ден астам мектеп директорының орны бос тұр. Бұл туралы Түркістан облысының Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысының міндетін уақытша атқарушы Жанар Қасымова мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркістан облысы бойынша мемлекеттік 906 орта білім беру ұйымы бар. Соның ішінде 164 білім беру ұйымы басшысының орны бос тұр. Атап айтар болсақ, 123-мектеп, 35 балабақша, 4 колледж, 2 қосымша білім беру ұйымында басшы жоқ. Сондай-ақ, 120 мектеп, 70 балабақша басшылары ротациялауға жатады.

«Облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы ротациялауды 3 кезең бойынша жоспарлаған. Содан 103 басшыға ротация жүргізген. Ал, Сайрам, Түлкібас аудандарында ротациялау мүлдем жүргізілмеген. 10-20 жыл басшылық қызметте отырған азаматтарға мүлдем ротациялау болмаған. Сондай-ақ, ротациялау комиссиясының шешімі 9 мектепте орындалмаған» - деді Жанар Қасымова.

Сонымен қатар білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау барысында 311 білім беру ұйымы аттестаттаудан өте алмаған. Олардың ішінде 186 балабақша, 117 мектеп, 8 колледж бар.


Соңғы жаңалықтар