Түркістан облысында 10 қылмыстық іске қатысы бар кәнігі ұры ұсталды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Түркістан облысында 10 ұрлық жайтына қатысы бар жас жігіт ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңірдің ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кентау қалалық полиция басқармасына бірнеше жергілікті тұрғын арызданған. Бір жәбірленушінің айтуынша, әлдебіреу көше бойында орналасқан дүкенінің сыртқы есігін сындырып кіріп, спорттық киімдер мен балалар аяқ киімін ұрлап кеткен. Келтірілген шығын 370 000 теңгеге жуық. Келесі тұрғын түнгі уақытта дүкеніне белгісіз біреулер кіріп, кассада тұрған 400 000 теңгесін жымқырып кеткенін жазады. Үшінші тұрғын да осындай қылмыстың құрбаны болған. Оның гаражынан автобөлшектерін ұрлап кеткен.

Жедел тергеу тобы құрылып, жинақталған ақпарат нәтижесінде күдіктінің жеке-басы анықталды. Ол өзінің тұрғын үйінен ұсталды. Бұрын сотты болғаны анықталды. Сондай-ақ, сақшылар тексеру барысында күдіктінің жалпы 10 ұрлық жайтына қатысы барын айқындады. Күдікті қамауға алынып, ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.


Соңғы жаңалықтар