Түркістан облысында 10 балдық жер сілкінісі болатыны туралы ақпарат жалған - ТЖМ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облыстық Төтенше жағдайлар департаменті 10 балдық жер сілкінісі болатыны туралы ақпараттың жалған екенін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат аталмыш ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Құрметті облыс тұрғындар! Осы кезде әлеуметтік желілер арқылы Түркістан облысында 10 балдық жер сілкінісі болады деген ақпарат тарап жатыр. Түркістан облыстық Төтенше жағдайлар департаменті аталған ақпараттың жалған екендігін хабарлайды»,-делінген хабарламада.

Айта кетейік, 24 маусым күні Түркістан облысына қарасты Арыс қаласындағы әскери бөлімшеде жарылыс болды.

Оқиға орнына шұғыл түрде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жетіп, жарылыс аумағынан эвакуацияланған тұрғындармен кездесті.

Соңғы жаңалықтар