Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 371.56 EUR 422.43
RUB 5.56 CNY 53.51
Jańalyqtar

Түркістан облысында 1 мың шақырымға жуық жол жөнделеді

2019 жылғы 12 қаңтар 05:00 372
Бөлісіңіз:
Түркістан облысында 1 мың шақырымға жуық жол жөнделеді

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында ағымдағы жылы автомобиль жолдары саласын дамытуға республикалық және облыстық бюджеттен жалпы 42 млрд. 650,2 млн. теңге қаралып, 69 нысан немесе 974,2 шақырым жол мен көшелерге және 8 көпірге құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізіледі.  

Ұқсас жаңалықтар
Түркістанда 15 өңірдің әкімдігі бірқатар нысандардың құрылысын жүргізеді Биыл 13 млн шаршы метр баспана пайдалануға беріледі

Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен Түркістан облысының әкімдігі арасында 2018 жылдың 30 қарашасында «Түркістан қаласының жол-көлік инфрақұрылымын дамыту бойынша өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы» Меморандумға қол қойылған болатын.

Келісім негізінде 2019 жылы республикалық бюджеттен 70/30 паритеті негізінде облыс көлеміндегі жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеу жұмыстарына 7,6 млрд. теңге қаралған. Негізгі паритет 50/50, яғни мақсат - облыстық бюджеттен босаған 20 пайыз қаржыны Түркістан қаласының ішкі көшелер желісін дамытуға бағыттау болып табылады. Ағымдағы жылы Түркістан қаласының ішкі көшелерінде жөндеу жұмыстарын жүргізуге облыстық бюджеттен - 2 млрд. 587,5 млн. теңге қаралған.

Сондай-ақ, облыс орталығы Түркістан қаласында жаңадан салынатын әуежайға (қаланың солтүстік-шығыс бағытында) баратын жолдың құрылысын жүргізу мақсатында облыс әкімдігі тарапынан аталған автомобиль жолының құрылысына экономикалық-техникалық негіздеме әзірленуде. Жалпы жолдың ұзындығы - 11,7 шақырымды құрайды.

Бұдан өзге, Түркістан қаласынан жаңа автобекеттер салу бойынша Шымкент бағытында жеке инвестиция есебінен 3 гектар аумаққа тәулігіне 10 мың жолаушыға (600 автобус) қызмет көрсете алатын жаңа автобекеттің құрылысы жүргізіледі. Қызылорда бағыты бойынша қазіргі таңда облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасы жаңа автовокзалдың орнын анықтау үстінде. Жаңа автовокзал салуға инвесторлар ниет білдіруде.

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
MURAǴAT