Түркістан облысында 1 мың шақырым жол мен 5 көпірге жөндеу жүргізіледі

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Биыл Түркістан облысында 968 шақырым жол мен 5 көпірге құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірде аудан, қалаларды облыс орталығымен жалғайтын негізгі жолдардың жағдайына баса назар аударылуда. Аймақта жөнделетін 968 шақырым жолдың 435,6 шақырымы өткен жылы басталған. Биыл тағы 532,4 шақырым жол мен 5 көпірдің құрылыс-жөндеу жұмыстары басталады. Оған қаржы қарастырылған.

Облыстың оңтүстік бағытындағы Мақтаарал, Жетісай, Шардара, Арыс, Ордабасы аудандарында 81,1 шақырымды құрайтын 4 жолға - күрделі, ұзындығы 223,9 шақырымдық 6 жолға орташа жөндеу жүргізіле бастады.

Шығыс бағыттағы Төлеби, Сайрам, Түлкібас аудандарында 23 шақырымды құрайтын 3 жолда - қайта құру, 64,5 шақырымдық 4 жолда - күрделі, 56,2 шақырымдық 5 жолда орташа жұмыстар қарқынды жүруде.
null null

Одан бөлек, Келес, Сарыағаш, Қазығұрт аудандары аумағынан өтетін 67,1 шақырымдық 3 жолда - күрделі, 124,5 шақырымдық 7 жолда орташа жөндеу жұмыстары мерзімінен ерте басталып отыр.

Ал Түркістан қаласына жақын орналасқан Бәйдібек, Отырар, Созақ аудандары мен Кентау қаласында 92,2 шақырымды құрайтын 4 жолға күрделі, 234,8 шақырымды құрайтын 6 жолға орташа жөндеу жасалады.

Айта кетерлігі, 2019 жылдың қорытындысымен жалпы Түркістан облысы бойынша 584,4 шақырымды құрайтын 24 жол және 5 көпірді пайдалануға беру жоспарланған.

Айта кетейік, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына жүктелген ауқымды жұмыс көлемін сапалы және мерзімінде орындау мақсатында құрылыс-монтаждау жұмыстарға жауапты техникалық, авторлық қадағалаушы және мердігер мекемелермен тұрақты жиналыстар өткізілуде. Нысанда орын алуы мүмкін қиындықтар алдын ала талқыланып, шешу мақсатында жұмыстар атқарылуда. Әр нысанға бекітілген жұмыс-өндірістік кестеге сәйкес құрылыс жұмыстары қатаң бақылауға қойылып, нысандарды аралау-тексеру шарасы қолға алынған.
null

Соңғы жаңалықтар