Түркістан облысында 1,5 жасар бүлдіршін тарақан өлтіретін дәріні жеп қойған

None
None
ЛЕҢГІР. ҚазАқпарат - Түркістан облысында 1,5 жасар қыз тарақанның дәрісін жеп қойған. Уланған бүлдіршінді жедел жәрдем қызметкерлері Төлеби аудандық орталық ауруханасына жеткізген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Келеңсіз жағдай Леңгір қаласында орын алған. Ата-анасы үйіне келген меймандарды күтеміз деп, қызын қараусыз қалдырған. Осы кезде бүлдіршін еденде жатқан тарақан өлтіретін дәріні жеп қояды. Анасы оны дер кезінде байқап қалып, жедел жәрдем шақыртқан. Ауруханаға ауыр жағдайда түскен кішкентай науқасқа «жіті уланған» деген диагноз қойылды. Дәрігерлер шұғыл түрде емдік шаралар жасап, өмірін аман алып қалды. Қазіргі таңда қыздың өміріне қауіп жоқ. Бүлдіршіннің ата-анасы дәрігерлерге шексіз алғысын білдірді.

Айта кетейік, бұл - аталған ауданда орын алған улану бойынша алғашқы оқиға емес. Бұған дейін дәрігерлер бірнеше күн бойы 60 жастағы ер адамның өмірі үшін күрескен. Бүгін ол жансақтау бөлімшесінен қарқынды терапия палатасына ауыстырылды. Науқастың айтуынша, ол қазан тазалайтын тұрмыстық химияны сусынмен шатастырып, ішіп қойған.

Соңғы жаңалықтар