+7 (701) 759 90 19
USD 384.97 EUR 427.12
RUB 6.04 CNY 54.75
Jańalyqtar

Түркістан облысында 1,3 млн-нан астам көшет отырғызылуда

2019 жылғы 19 қазан 12:27
Бөлісіңіз:
Түркістан облысында 1,3 млн-нан астам көшет отырғызылуда

​ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында 1,3 млн-нан астам көшет отырғызылуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Өмірзақ Шөкеев: Түркістан облысында 3,5 млн ағаш егу жоспарланып отыр

ҚР Президентінің тапсырмасына сәйкес, биылғы жылдан бастап Түркістан қаласын жасыл қалаға және ауа-райын қолайлы климатқа айналдыру мақсатында Түркістан қаласының айналасында «Жасыл белдеу» қалыптастыру жұмыстары жүруде.

Осыған орай, облыс әкімдігінің бастамасымен облыс орталығында жалпыхалықтық сенбілік өтті. Сенбілікке өңір басшылығы, облыс әкімдігіне қарасты басқармалар мен департаменттер қызметкерлері және жергілікті тұрғындар қатысты.


Бұдан бөлек, сенбілік аясында 16 аудан, қала халқы да ауылдарын тазартуға атсалысты.

Айта кетейік, Түркістан қаласын көгалдандыру мақсатында қала 16 секторға бөлінген. Әр секторға жауапты аудан, қала өз аумағында ағаш отырғызу және абаттандыру жұмыстарын қарқынды жүргізуде. Биыл Түркістан қаласы бойынша 197 мың көшет отырғызу жоспарланса, осы секторлардың жұмысы нәтижесінде бүгінгі күнге дейін 49 мың көшет егілген. Ал бүгінгі жалпыхалықтық сенбілік аясында облыс орталығында 24 мыңнан астам тал егілді. Шараға 33 техника жұмылдырылды.

Сондай-ақ Түркістан қаласында 268 су ұңғымасын жасау жоспарланса, соның ішінде 57 су ұңғымасы іске қосылған.

Жалпы облыс бойынша 1304,9 млн көшет егу жоспарланып, бүгінде 609,2 мың көшет отырғызылған.

Жергілікті тұрғындар да көне шаһардың жасыл қалаға айналуына белсене қатысты.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT