Түркістан облысынан бір жылда 455 отбасы солтүстік өңірге қоныс аударған

None
None
ТҮРКІСТАН.ҚазАқпарат - Түркістан облысынан бір жылда 455 отбасы солтүстік өңірге қоныс аударған. Бұл туралы облыстық ҚХА ұйымдастыруымен еліміздің оңтүстігінен солтүстік облыстарға қоныс аудару мәселелері арналған дөңгелек үстел отырысында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Басқосуда сондай-ақ «Серпін-2050» бағдарламасын іске асыру мақсатындағы мемлекеттік қолдау шаралары да сөз болды.

Айта кетейік, елімізде ішкі еңбек миграциясына соңғы жылдары ерекше көңіл бөлініп, сол мақсатта тиісті жұмыстар жүргізілуде. Бұл бағдарламалар Елбасы Н.Назарбаевтың 2017 жылғы Қазақстан халқына арнаған «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауынан бастау алды. Жолдауда басы артық жұмыс күші бар өңірлерден басқа жерлерге, сондай-ақ, ауылдардан қалаларға жұмыс күшін ұтымдылықпен тартуға қолдау көрсету керектігі айтылған болатын.null

Облыстық ҚХА ұйымдастырған жиынға республиканың солтүстік өңірлерінен келген жауапты тұлғалар, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының өкілдері, аудан, қала әкімдерінің жауапты орынбасарлары мен бөлім меңгерушілері мен БАҚ өкілдері қатысты. Жиын барысында ішкі миграцияны реттеу, солтүстік өңірлерге қоныс аударушы отбасыларға мемлекеттік қолдау шаралары мен «Серпін» бағдарламасы бойынша түркістандық түлектердің солтүстік өңірлердегі жоғары оқу орындарына оқуға түсу мүмкіндіктері жан-жақты талқыланды. Бұдан өзге Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы жұмыспен қамту орталығының директоры Бөгенбай Жұрынтаев, Айыртау ауданы жұмыспен қамту бөлімінің басшысы Ерлан Қазбеков, Түркістан облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының маманы Малика Асхатқызы күн тәртібіндегі мәселе бойынша баяндама жасап, қатысушыларды толғандырған сұрақтарға жауап берді.

Түркістан облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының маманы Малика Асхатқызының айтуынша, өткен жылғы мәліметке сәйкес оңтүстіктен 1768 адам солтүстікке қоныс аударған.

«Солтүстік облыстарында халық аз. Игерілмей жатқан ауылшаруашылық жерлері жетерлік. Мемлекеттік және бюджеттік мекемелерде бос жұмыс орындары бар. Кәсіп ашамын дегендерге тиімді пайызбен несие бөлінеді. Бастысы қоныс аударушының жұмысқа деген ынтасы болса жетерлік. Бұл жоба миллиондар мекенінде екі қолға бір күрек таба алмай жүргендерге тиімді, себебі мемлекеттен қолдау бар. Қысқасы, қандай іс бастасаңыз да үкімет қамқорлығында боласыз»,- деді сөзін қорытындылады Малика Асхатқызы.

null

Соңғы жаңалықтар