+7 (701) 759 90 19
USD 425.85 EUR 499.78
RUB 5.82 CNY 65.87
Jańalyqtar

Түркістан облысынан батыс өңірлерге 67 вагон жем-шөп жөнелтілді

2021 жылғы 24 шілде 11:05
Бөлісіңіз:
Түркістан облысынан батыс өңірлерге 67 вагон жем-шөп жөнелтілді

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысынан еліміздің батыс өңірлеріне 67 вагон шөп жіберілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңір басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Түркістан облысында жол-көлік апатынан үш адам қаза тапты Маңғыстау облысына мал азығы жеңілдетілген тарифпен жеткізіледі

Шөп тиелген вагондар Сарыағаш қаласының теміржол стансасынан жолға шықты. Оның бірнешеуі көрші Қызылорда облысына бағытталған. Биылғы ауа райының қуаңшылығына байланысты бұл өңірде де мал азығы тапшылығы орын алғаны белгілі.

Түркістан облысы әкімдігі тарапынан Батыс облыстардың шаруаларына мал азығын жөнелтіп, көмек көрсету жөніндегі еріктілер мен демеушілердің атқарып отырған жұмыстарына жан-жақты қолдау көрсетілуде. Қажеттілік болған жағдайда «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ы және Түркістан облысы әкімдігі, демеушілер есебінен қосымша 100 вагон бөлуге келісім бар.

Құрғақшылық Түркістан облысында да орын алды. Дегенмен, бүгінгі таңда өңірдегі жағдай тұрақты. Табиғи шөп бітік шықпағанына қарамастан, егістікті әртараптандыру орман қорындағы босалқы жайылым жерлер шаруалардың уақытша пайдалануына беру шараларының нәтижесінде облыстағы мал басына қажетті 3,9 млн тонна мал азығын 100 % дайындауға толық мүмкіндіктер бар.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT