+7 (701) 759 90 19
USD 426.01 EUR 493.75
RUB 6.05 CNY 66.62
Jańalyqtar

Түркістан облысына Vero Cell вакцинасының 127 мың дозасы жеткізілді

2021 жылғы 19 қыркүйек 18:58
Бөлісіңіз:
Түркістан облысына Vero Cell вакцинасының 127 мың дозасы жеткізілді

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысына Sinopharm компаниясы өндірген Vero Cell вакцинасының 105 мың доза екінші компоненті мен 22 мың доза бірінші компонент жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда 8,2 млн адам КВИ вакцинасын салдырды БҚО-да 235 мыңнан астам адам коронавирусқа қарсы екпе алды Алматыда бір күнде 3 мыңнан астам адам вакцина салдырды

Аталған екпені барлық емханалар мен екпе салдыру пунктерінен қабалдауға болады.

Жалпы өңірге COVID-19 індетіне қарсы вакцинаның 858 637 дозасы жеткізілген.

Енді облыс тұрғындары ресейлік «Спутник V», отандық QazVac, Sinopharm компаниясының HayatVax және Vero Cell, қытайлық CoronaVac вакцинасын салдыра алады.

Бүгінде І құрамды 832 504 адам қабылдады, ал ІІ компонентті – 645 073 адам салдырған.

Қазір Түркістан облысында аурудың тәуліктік өсімі - 0.38 %.

Індет басталғалы коронавирустың 13 705 жағдайы анықталды.

Айта кетейік, облыстағы мекемелерде 8 оттегі станциясы, 400 ӨЖЖ аппараты, мыңнан аса оттегі аппараты бар.

Сондай-ақ, 2 айға жететін дәрі-дәрмек қоры жасақталған, 40-тан астам дәрі қоймасы мен 800-дей дәріхана бар.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT