Түркістан облысына шетелден келген 51 азаматтан вирус табылған жоқ

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысына шетелден келген 51 азаматтан вирус анықталмады.

Бұл туралы Түркістан облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Нұрбек Нышанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нұрбек Нышановтың айтуынша, өңірде әзірге коронавирустық инфекция жұқтырғандар (COVID-19) тіркелген жоқ. Дегенмен іргелес Шымкент қаласы және Жамбыл облысында індет тіркеліп, эпидемиологиялық жағдай күрделеніп отыр. Коронавирустық инфекция тіркелген басқа елдерден келген 51 азамат категориялар бойынша медициналық бақылауға алынған.

«Оның ішінде 1А категориясымен 18 адам, (Франциядан -1, Италия -2, Испания -1, Индия-10, БАӘ-1, Германия-3), 1Б категориясымен 33 адам бақылауға алынған. (О. Корея-24, Нидерланды -2, Литва -1, АҚШ-1, Англия-1, Украина-1, Польша -1, Чехия -1). Бұдан бөлек, өзекті рейстер бойынша науқастармен қарым-қатынаста болған 8 азамат анықталып, COVID-19-ға тексерілген. Бір қуанарлығы - зерттеу нәтижелері теріс болып шыққан»,- деді облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы.


Нұрбек Нышанов сонымен қатар Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларынан «ЖРВИ» клиникалық белгілерімен келген 16 азамат стационарларға жатқызылғанын атап өтті. Олар лабораториялық тексеруден өткізілген. Бүгінге дейін стационарлардан шығарылған азаматтар саны 38-ге жетті.

«Облыстық зертхана керекті диагностикалау тест-системалармен және арнайы тасымалдау құралдарымен қамтамасыз етілген. Бүгінгі күні облысымызда тест-системаның 12 данасы бар. (Әр дана 40-45 сынама зерттеуге арналған). Түркістанға Шымкент қаласынан «КАМАЗ» шассиіндегі жылжымалы зертхана әкеліп орнатылған»,- деді департамент басшысы.


Соңғы жаңалықтар