+7 (701) 759 90 19
USD 376.16 EUR 406.18
RUB 5.90 CNY 53.60
Jańalyqtar

Түркістан облысына 442 млрд теңге көлемінде инвестиция тартылған

2020 жылғы 22 қаңтар 12:30
Бөлісіңіз:
Түркістан облысына 442 млрд теңге көлемінде инвестиция тартылған

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысына өткен жылы тартылған инвестиция көлемі 442 млрд теңгені құрап, мақсатты индикатор 115 пайызға орындалған. Сала мамандары бұл көрсеткіштің 2018 жылмен салыстырғанда 39 пайызға жоғары екенін айтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Шымкентте шетелдік инвесторлардың қатысуымен 15 жоба жүзеге асырылады Руслан Дәленов Катар инвесторларын Қазақстанға шақырды Сеулде Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Облыстық әкімдіктің мәліметінше, өңірдегі инвестициялардың өсу қарқыны бойынша Республика деңгейінде 14-орыннан 2-орынға көтерілген. Ал, ағымдағы жылы өңдеуші өнеркәсіпке тартылған инвестициялар көлемі 20,8 млрд теңгені құраған. Аймақта алғаш рет 2019-2024 жылдарға арналған Түркістан облысының инвестициялық жобаларының тізбесі қалыптастырылған. Оған жалпы сомасы 3,4 трлн теңгеге 374 жоба енгізілген. Соның ішінде 50 жоба сәтті жүзеге асырылып, ағымдағы жылы 410 млрд теңгеге жуық 100-ден аса инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Сонымен қатар өңірде 11 ай ішінде экспорт көлемі 632,1 млн АҚШ долларын құраған. Оның ішінде шикізаттық емес экспорты 304 млн АҚШ долларын немесе экспорттың жалпы көлемінің 48 пайызына тең болып отыр.


Айта кетейік, жалпы өңірдің инвестициялық тартымдылығын жақсарту мақсатында туризмнің дамуына ықпал ететін «TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағы мен өткен жылы «TURKISTAN» индустриалдық аймағы құрылған. Одан бөлек, «Түркістан» индустриалды аймағының аумағында инвесторлар және жұмысшыларға арналған заманауи стандарттарға сай эко қалашық салынатын болады. Индустриалдық аймақтарда 41,5 млрд теңгені құрайтын 58 жоба орналасқан болса, оның 25,1 млрд теңгені құрайтын 30 жобасы іске асырылған. Ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша 734 млн теңге көлемінде мемлекеттік бюджетке салық түсіп, 2020 жылы 3 млрд теңгені құрайтын 7 жобаны іске асыру жоспарланып отыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT