+7 (701) 759 90 19
USD 414.13 EUR 451.40
RUB 5.80 CNY 58.03
Jańalyqtar

Түркістан облысын дамытудың төрт бағыты айқындалды

2019 жылғы 13 маусым 22:40
Бөлісіңіз:
Түркістан облысын дамытудың төрт бағыты айқындалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биыл Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан облысын құру туралы Жарлыққа қол қойып, көне шаһарға облыс орталығы мәртебесін бергеніне 1 жыл толады. Осы орайда, Түркістанның әлеуметтік-экономикалық дамуымен қатар, идеологиялық дамуының төрт бағыты айқындалып отыр, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Бұл туралы облыстық мәслихаттың кезекті 38 сессиясында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев айтып өтті.

Идеологиялық ұстанымның бірінші басымдығына сай - осы қалаға келген адам күллі қазақ мемлекетінің басынан өткен тарихи оқиғалардан мағлұмат алатындай болуы тиіс. Келген туристер өңірімізде орналасқан киелі жерлерге зиярат етіп, туристік бағыттарды насихаттайды.

Екіншіден - Түркістанда әлемдік деңгейдегі шеберлер орталығы болуы басты назарда. Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі - әлемде теңдесі жоқ сәулет туындысы. Ғажайып ғимаратта ғасырлар бойы қалыптасқан өркениеттік құрылыс тәжірибесінің ізі жатыр. Кесененің құрылысында түркі өркениетінің нақыштары мен ою-өрнектері, көне замандардағы сәулет және бейнелеу өнер туындысы көрініс тапқан. Тарих қойнауында қалған, көнеден келе жатқан ұлттық қолөнерімізді кейінгі ұрпаққа жеткізу үшін, шеберлік құпиялар мен қолөнер технологияларын сақтау, нығайту және жаңғырту үшін жағдай жасалмақ.

Үшіншіден, Түркістан тоғыз жолдың торабында орналасқан ірі сауда орталығы болған. Бүгін де бұл қаланы ірі сауда, өнер, туризм орталығына айналдырудың кешенді тетігі дайындалады. Әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу тетігі мәдениет, өркениет, сауда, сәулет, қолөнер, музыка сияқты салаларды қайта жаңғыртудан басталады. Кеше тарихи Ұлы Жібек Жолы да осы Түркістаннан өткен болса, бүгін де сол жол жалғасып келеді.

Төртіншіден, Қожа Ахмет Ясауи - жалпы түркі руханияты кеңістігінде өзіндік ілім қалыптастырып, исламдық құндылықтар негізіндегі ар түзейтін ғылымның моральдық-этикалық арнасы мен үлгісін көрсетіп кеткен тарихи тұлға. Ясауидің артына қалдырған өшпес мұрасы оның еңбектерінде жатыр. Осы мақсатта Қожа Ахмет Ясауидың Түркия, Өзбекстан, Иран, Индонезия және Еуропа елдеріндегі шәкірттерінің басын қосатын симпозиум ұйымдастырылмақ.

Сондай-ақ, облыс имиджіне оң әсер ететін іс-шаралар жиі өткізіледі деп күтілуде.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT