Түркістан облысы: жылқы қаққан көліктегі үш адам мерт болды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында жолға шығып кеткен жылқы үш адам өліміне ұшыратқан апатқа себеп болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңірлік ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Самара-Шымкент тас жолы бойында шымкенттік тұрғын өзінің «Tоyota Camry 50» маркалы көлігімен Түркістаннан Шымкент бағытына қарай келе жатып, жолдың сол жақ бетінен шыққан жылқыны қағып кеткен.

Осы жол-көлік оқиғасы салдарынан 3 адам оқиға орнында көз жұмды.

Оның ішінде екеуі ерлі-зайыпты және біреуі жасөспірім, олардың немересі.

Көліктің жүргізушісі алған дене жарақатынан Шымкент қалалық ауруханасының жансақтау бөліміне түскен. Ол қаза тапқан жандардың күйеу баласы.

Аталған жайт Ордабасы АПБ-мен ҚР ҚК -нің 345-бабымен тіркеуге алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.


Соңғы жаңалықтар