Түркістан облысы жыл бойы «жасыл аймақта» болды – Өмірзақ Шөкеев

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында миллионнан астам тұрғын COVID-19-ға қарсы екпені алды. Бұл туралы өңір әкімі Өмірзақ Шөкеев айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Облысымыз коронавирустың таралу қарқыны бойынша жыл бойы «жасыл аймақта» болған елдегі жалғыз облыс. Бұл ретте бірлескен ұжымдық жұмыс пен дәрігерлердің еңбегі орасан зор болды деп Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдері атап өтті», - деді Ө. Шөкеев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Әкімнің айтуынша, өңірде эпидемиологиялық жағдай тұрақты, жұқпалы ауруханаларда дүрлікпе жоқ, төсек-орындардың көпшілігі бос.

«Вируспен одан әрі күресу үшін өңірде бірнеше жоба жүзеге асырылуда. Соның бірі – жаңа көпсалалық аурухана салынуда. Сонымен қатар, жаңа инфекциялық аурухана пайдалануға берілді. Аймақта жаппай вакциналау науқаны аяқталуға жақын. Бүгінде миллионнан астам тұрғын COVID-19-ға қарсы екпені алды», - деді Ө. Шөкеев.


Соңғы жаңалықтар