Түркістан облысы тұрғындарынан 50-ден астам тіркелмеген қару тәркіленді

None
Фото; Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысы Полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасы мен басқа да мүдделі сала қызметкерлері бірлесіп, «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шара қорытындысы бойынша 50-ден астам тіркелмеген қару алынып, 400-ден астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

Нақтырақ айтсақ, рейдтік жұмыстардың 10 тәулігінде полицейлер заңсыз айналымнан 37 аңшы мылтығы, 6 газды тапанша, 7 шолақ және 1 ойық мылтық тәркілеп алды. Сондай-ақ, іс-шара барысында тәртіп сақшыларының назары азаматтық және қызметтік қаруды сақтау мен тіркеуге байланысты ережелердің сақталуына аударылды.



Нәтижесінде полиция қызметкерлері 7 168 қару иесін тексеріп, 405 құқық бұзушылықты анықтады. Оның ішінде ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабы «Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдауы» бойынша 43, ҚР ӘҚБтК-нің 484-бабы «Азаматтық және қызметтік қару айналымы қағидаларын бұзу» бойынша 299 және ҚР ӘҚБтК-нің 486-бабы «Азаматтық, қызметтiк, марапаттық, коллекциялық қаруды тiркеу (қайта тiркеу) не оны есепке қою тәртібін бұзу» бойынша 63 әкімшілік хаттама толтырды.









Соңғы жаңалықтар