Түркістан облысы тауларында жайра тіршілік етеді

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысының Сайрам-Өгем ұлттық табиғи паркінде жайра фототұзаққа түскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахметтің хабарлауынша, үнді жайрасы деп аталатын бұл жануар - аталмыш тұқымның Қазақстандағы жалғыз түрі.

«Жуықта Сайрам-Өгем ұлттық табиғи паркінде үнді жайрасы көзге шалынды. Бұл жануар оңтүстікте, Маңғыстау мен Алатауда, Шу-Іле тауларында мекен етеді. Қызыл кітапқа енген. Теңіз деңгейінен 2000 метрден аспайтын таулы аумақтарды кездеседі», - дейді Сәкен Ділдахмет.

Бұл оқиғаға айтулы жаңалық ретінде баға берген комитет өкілі жайраның өз ініне ерекше адал аң екенін айтады.

Еске салсақ, бұған дейін ШҚО-да фототұзаққа құну түскен болатын.


Соңғы жаңалықтар