+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Түркістан облысы табиғи ресурстарды пайдалану басқармасына жаңа басшы тағайындалды

2019 жылғы 12 қараша 12:21
Бөлісіңіз:
Түркістан облысы табиғи ресурстарды пайдалану басқармасына жаңа басшы тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің өкімімен Түркістан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы болып Қайрат Аманкелдіұлы Әбдуәлиев тағайындалды.

Ұқсас жаңалықтар
БҚО жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасына жаңа басшы келді Дәурен Сәбитов ЕЭК Көлік және инфрақұрылым департаментінің директоры болып тағайындалды Сәкен Сәрсенов ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды

Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Қайрат Аманкелдіұлы 1968 жылы Түлкібас ауданында туған. Білімі жоғары, ғалым агроном, заңгер.

Еңбек жолын 1986 жылы Түлкібас ауданы Киров атындағы колхозының «Алтын арай» жастар комсомол бригадасының шопаны ретінде бастаған.

Мемлекеттік қызметті өткеруді 1999 жылы Түлкібас ауданы әкімі аппараты аймақтық даму және кадрлармен жұмыс бөлімінің бас маманы лауазымында бастаған.

2001-2004 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы жер ресурстарын басқару жөніндегі комитеті Түлкібас ауданының өкілі-бас маманы және төрағасы лауазымын атқарды.

2004-2010 жылдары аралығы ҚР АШМ Түлкібас аудандық аумақтық басқармасының бастығы, өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімінің бастығы, инспекция бастығының орынбасары және бастығы қызметтерін атқарған.

2010 жылдан бері Түлкібас және Сарыағаш аудандарының әкімі лауазымдарын атқарып келген.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT