+7 (701) 759 90 19
USD 420.76 EUR 498.6
RUB 5.6 CNY 62.27
Jańalyqtar

Түркістан облысы Сарыағаш ауданының тұрғыннан 13,5 кг-нан астам есірткі тәркіленді

2020 жылғы 4 тамыз 12:48
Бөлісіңіз:
Түркістан облысы Сарыағаш ауданының тұрғыннан 13,5 кг-нан астам есірткі тәркіленді

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облыстық Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында есірткі сақтаған Сарыағаш ауданының тұрғынын ұстады.

Ұқсас жаңалықтар
Елімізде қандай қылмыс жиі жасалады Сарыағашта анасы мен баласы тәжікстандықтың автотұрақтағы 9 машинасын сатып жіберген Өскеменде ер адам көшеде кетіп бара жатқан азаматқа пышақ ала жүгірген

Polisia.kz сайтының хабарлауынша, жедел уәкілдер күдіктінің үйін тінту кезінде ауладан өсімдік тектес есірткі заты бар полиэтилен пакеттерін тапты. Жүргізілген сараптамаға сәйкес, айғақты зат ретінде алынған есірткі заты жалпы салмағы 13,5 кг-нан асатын «кептірілген көкнәр» болып шықты.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігі «Есірткі, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын өткізу мақсатынсыз заңсыз қолдану» бойынша Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеуінің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

«Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері ер адамның аса ірі мөлшерде есірткіні қандай мақсатпен сақтағанын анықтауда. Күдікті қамауға алынды. Тергеу амалдары жүргізілуде»,-делінген хабарламада.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT