Түркістан облысы Полиция департаментінің қызметкері алаяқтық күдігіне ілінді

None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысы Полиция департаментінің қызметкері алаяқтық жасады деген күдікке ілінді. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Дәурен Ерғарин Facebook-тегі жеке парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Түркістан облысы Полиция департаментінің аға криминалисі, полиция майорын әшкерлеген. Ол лауазымды өкілеттігін пайдалана отырып, азаматтың сеніміне кіріп және оны алдау арқылы қылмыстық жауапкершіліктен босататынын айтқан. Солай оның ақшалай қаражатын иемденіп алған.

«Кәніні толық мойындауына байланысты полиция қызметкеріне қамауға алу шарасы қолданылған жоқ», - деді Д.Ерғарин.


Соңғы жаңалықтар