Түркістан облысы полицейлері жоғалған жылқыларды иесіне қайтарды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Ордабасы ауданының полицейлері жайылымнан жоғалған 7 жылқыны тез арада тауып, егесіне қайтарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Мал ұрлығына жасалған талдау кезінде анықталғандай, иелерінің малдарына қарамай бос жіберуі мал ұрлығымен айналысатын қылмыскерлердің оң жамбасына келіп отыр.

2019 жылдың наурыз айында Ордабасы АПБ-не ауданның жергілікті тұрғыны 7 бас жылқысының жоғалғанын айтып арызданады. Бірнеше күн іздеп, өздері таба алмаған соң олар полиция қызметкерлеріне хабарласқан. Полиция қызметкерлері арнайы мобильді топ құрылып, жедел - іздестіру шаралары жүргізілді. Шұғыл іздестіру нәтижесінде мал 3 күннен кейін Сайрам ауданына қарасты жайылымнан табылған. Жылқыларды полиция бөліміне әкеліп, арызданушы азаматшаға қайтарған. Өз кезегінде, жылқысы табылған жергілікті тұрғын Ұлжан Ілесова полиция қызметінің учаскелік инспекторы, полиция майоры Абзал Манабаевқа және Ордабасы ауданы полицейлеріне шексіз алғысын білдірді. Құқық қорғау қызметкерлерінің айтуынша, көбінесе төрт түлік негізінен өрісте, жайылымда қараусыз қалғандықтан жоғалады. Сонымен қатар, мал ұрлығының ізін суытпай ашуда кей жағдайларға иелерінің өздері іздеп, уақыт өткізіп барып, хабарлауы да кедергі келтіріп отыр.null

Сондықтан Түркістан облысы полиция департаменті мал қолды болып немесе жайылымнан жоқ болып кетсе, дер уақытында хабар беру керектігін ескертеді. Сондай-ақ, малға таңба салуды міндеттейді.

Соңғы жаңалықтар