Түркістан облысы: Полицейлер жоғалған оқушыларды үйлеріне дін-аман қайтарды

None
None
ТҮРКІСТАН. ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат –Түркістан облысының Түлкібас аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданып, мектептен кәмелетке толмаған баласының үйіне келмегенін жеткізген. Аталған жайт Түлкібас АПБ-де тіркеуге алынып, жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіледі.

Полиция қызметкерлері, 12 сағат 30 минутта жасөспірім велосипедпен мектепке кетіп, бірақ сабақтан кейін үйге қайтып оралмағанын, сондай-ақ, осы жолмен велосипедпен мектепке барған тағы да 12 жасар көршісінің ұлы да жоғалғанын анықтады. Ұстаздар мен сыныптастарынан сұрастыра келе, жасөспірімдердің мектепте болмағандығы да анықталды.

Одан әрі іздестіру іс-шаралар барысында тәртіп сақшылары жақын маңдағы барлық аумақтарды аралап, көруі мүмкін елдерден сұрастыру жүргізеді. Жергілікті тұрғындар күндіз ауыл көшелерінің бірінде екі оқушыны көргендерін айтады. Белгілі болғандай, балалар бұған дейін де үйден кетіп, қайтадан оралып отырған.

Бірнеше сағаттан кейін Түлкібас АПБ-нің қызметкерлері көршілес Сайрам ауданына шамамен 50 шақырым жерден жоғалып кеткен жасөспірімдерді тапты. Балалар ата-аналарына дін-аман табысталды.

Түлкібас ауданының тұрғындары полицейлерге қырағылық танытып, балаларын аман-есен тапқандары үшін алғыстарын білдірді.

Өз кезегінде, Түркістан облысының полицейлері ата-аналарға сақ болуды, балаларды қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертеді. Балалар мен туыстары жоғалған жағдайда тез арада «102» телефонына хабарласу сұраалды.

Соңғы жаңалықтар