Түркістан облысы мен Шымкентте жел күшейіп, найзағай жарқылдайды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Синоптиктер ауа райының бұзылуына байланысты Шымкент қаласы мен Түркістан облысында ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

30 қыркүйекте Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соққан желдің күші - 15-20 м/с. Түнде және таңертең кей жерлерде найзағай жарқылдайды.

Осы күні Түркістан қаласында түнде найзағай ойнайды, солтүстік-шығыстан жел соғады, жел қарқыны - 15-20 м/с.

30 қыркүйек түнде және таңертең Шымкент қаласында күн күркіреп, түнде солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Соңғы жаңалықтар