Түркістан облысы мен Шымкентте инвестициялық белсенділік жоғарылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Өткен жылы 12 өңір инвестициялық белсенділік көрсетті. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өңірлердің көбінде жоғары инвестициялық белсенділік байқалады. 12 өңір өсім көрсетті, оның ішінде 5 өңірде 20 пайыздан 60 пайызға дейін өсім тіркелді. Ең жоғары көрсеткіштер Түркістан облысында және Шымкент қаласында байқалып отыр», деді ол.

Министрдің дерегінше, 5 өңірде инвестициялық белсенділіктің төмендеуі тіркелді. Олар: Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды және Павлодар облыстары.

«Тұтастай алғанда, негізгі капиталға 12,3 трлн теңге инвестиция тартылды. Инвестициялар кен өндіру өнеркәсібін есепке алмағанда 14,8 пайызға өсті», - деді Руслан Дәленов.


Соңғы жаңалықтар