+7 (701) 759 90 19
USD 429.75 EUR 507.45
RUB 5.61 CNY 63.93
Jańalyqtar

Түркістан облысы мен Шымкент біртұтас туристік бағыт ретінде дамытылмақ

2020 жылғы 27 тамыз 19:00
Бөлісіңіз:
Түркістан облысы мен Шымкент біртұтас туристік бағыт ретінде дамытылмақ

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысы мен Шымкент қаласының туризм басқармаларының басшылары Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өзара меморандумға қол қойып, екі жақты келісімге келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңір басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Еліміздің туризм саласындағы білікті мамандары Түркістанда бас қосты

Мұндағы мақсат - Түркістан облысы мен Шымкент қаласын біртұтас туристік бағыт ретінде одан әрі дамыту.
Қол қою рәсімінде облыстық туризм басқармасының басшысы Гульмира Ахбердиева екі аймақтың ерекшеліктері мен туристік әлеуетін пайдалана отырып, болашақта түрлі бағыттағы туристерді тартудың ірі орталықтарының біріне айналатынына сенім білдірді.
«Өңірлерде туризмнің тарихи-мәдени, экологиялық, экстремалды, гастрономиялық және басқа да түрлерін дамытуға зор мүмкіндік бар. Қарапайым мысалы, Қ.А.Ясауи кесенесіне мінәжат ету туры Шымкент қаласының аумағында орналасқан атақты сопының ата-анасы - Ибрагим ата мен Қарашаш ана кесенелеріне барудан басталады. Яғни, Түркістан мен Шымкентті қай жағынан алып қарасаңыз да бөліп қарауға келмейтін ортақ дүниелерге бай. Осы ретте бүгінгі екі жақты меморандум алдағы уақытта өзінің жемісін беріп, сәтті жобаларды жүзеге асыруға сеп болады деген сенім бар», – деді Г. Ахбердиева.

Өз кезегінде Шымкент қаласы әкімдігі туризм басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Олжас Шинтаев меморандум аясында тиісті келісімге келіп, алдағы уақытта іске асырылатын ортақ жобалардың кестесі жасалғанын мәлім етті. Сондай-ақ, «бұл құжат бірыңғай туристік өнімді қалыптастыруға және ілгерілетуге, одан бөлек инфрақұрылымды жетілдіруге мол мүмкіндік береді», - деп атап өтті.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT