+7 (701) 759 90 19
USD 439.01 EUR 474.61
RUB 5.75 CNY 61.91
Jańalyqtar

Түркістан облысы мен Өзбекстан арасында сауда-саттық дамып келеді

2020 жылғы 26 ақпан 12:48
Бөлісіңіз:
Түркістан облысы мен Өзбекстан арасында сауда-саттық дамып келеді

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы сауда қатынастарын одан әрі дамыту мақсатында жалпы сомасы 50 млн АҚШ долларын құрайтын 3 экспорттық келісімшартқа қол қойылды. Бұл келісім Өзбекстан мен Қазақстанның аймақаралық ынтымақтастығының 2-ші форумында жүзеге асырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өзбекстан Республикасының Үргеніш қаласында Үкімет басшыларының қатысуымен өтіп жатқан «Агроөнеркәсіптік кооперация, өнеркәсіп және туризм саласындағы аймақтық бизнестің ынтымақтастығы» форумында өге де маңызды мәселелер талқыланды. Форум аясында екі елдің жетекші кәсіпорындарының көрмесі өтіп жатыр. Онда Түркістан облысының кәсіпкерлері форум қатысушыларын өз өнімдерімен жан-жақты таныстыруда. Туристік компаниялар өз кезегінде туристік жарнамалық материалдарын қойып, оңтүстік өңірінің туристік әлеуетін насихаттауға мүмкіндік алды. Бұл шара көрші елдер арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды нығайтып, өзара тиімді ынтымақтастық қарқынын арттыра түсуге ықпал етері сөзсіз. Сондай-ақ, жақын күндері Түркістан облысы әкімдігінің бастамасымен Өзбекстан Республикасына трансформатор жабдықтары мен күркетауық етін және мұздатылған сиыр етін жеткізу басталмақ.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT