Түркістан облысы мектептерінде оқушыларды аралас оқытуға рұқсат берілді

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысы бас санитар дәрігерінің карантин шараларын ұзарту туралы жаңа қаулысы шықты. Жаңа қаулыға сәйкес, мектептерде оқушыларды аралас оқытуға рұқсат етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қаулыдағы өзгерістерге сәйкес, көрермендерді қатыстырып, спорт шараларын өткізуге және ойын-сауық нысандарының (түнгі клубтар, караоке, боулинг орталықтары, батуттар және басқа), букмекер кеңселерінің қызметіне тыйым салынған.

Сауда ойын-сауық орталықтары мен сауда желілерінің қызметін ондағы орналасқан дәріханаларды, азық-түлік өнімдері мен бірінші кезекте қажетті заттарды сату жөніндегі супермаркеттерді қоспағанда, жұмыс және демалыс күндері сағат 09.00-ден 21.00-ге дейін рұқсат етілген.

Мемлекеттік органдардың, өзге де ұйымдар мен кәсіпкерлік субъектілердің әлеуметтік қашықтықты және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып жұмыс істеуіне рұқсат етілген.

Ал, діни объектілерде (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және басқа) күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимде намаз оқуға рұқсат етілген.

Қалыпты режимде контингенті 300-ге дейінгі мектептерде сыныптағы бала саны 15-ке дейін болатын қалалық және ауылдық мектептерде оқушылар дәстүрлі форматта білім алады.

1 наурыздан бастап жалпы білім беретін мектептерде 1-ден 5-сыныпқа дейін, халықаралық мектептерде 7-сыныпқа дейін қоса алғанда оқушыларды аралас оқытуға рұқсат етілді.

Білім мекемесі әкімшілігінің шешімі бойынша сабақтан тыс уақытта 15 адамнан аспайтын топтарда оқушылар жекелеген түрде оқытылатын болды.

Жылжымалы цирктер 30%-ға дейін толтырып, көрермендерді қатардың ұзындығы бойынша әр 2 орыннан кейін отырғызып, қойылым көрсететін болды.

Сондай-ақ, бильярд клубтарының жұмысы әлеуметтік қашықтықты, маска тәртібін, термометрияны, күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып қызмет көрсете алмақ.

Балалар ойын-сауық орталықтары (жабық бөлмедегі аттракциондар, ойын алаңшалары), 30% толтырып, 50 адамнан асырмай, әлеуметтік қашықтықты, маскалық тәртіпті, термометрияны, күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып жұмыс істемек.


Соңғы жаңалықтар