+7 (701) 759 90 19
USD 419.54 EUR 509.2
RUB 5.72 CNY 64.81
Jańalyqtar

Түркістан облысы коронавирустың екінші толқынына дайын

2021 жылғы 14 қаңтар 16:30
Бөлісіңіз:
Түркістан облысы коронавирустың екінші толқынына дайын

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысы коронавирустың екінші толқынына дайын, деп хабарлайды ҚазАқпарат Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
COVID-19 вирусынан екі млн адам қайтыс болды: БҰҰ басшысы мәлімдеме жасады Ақмола облысында карантиндік шектеулер күшейтілді ДДҰ шекарадан өткен кезде COVID-19 вакцинациясын  талап ету міндетті емес деп санайды

«Қазақстанда коронавирустың екінші толқыны басталды. Түркістан облысы эпидемиологиялық ахуалды бағалау көрсеткіші бойынша қалыпты деген «жасыл» аймақта тұр. Қауіпті инфекцияның тарауы өршіген жағдайда өңірдегі емдеу мекемелеріндегі инфекциялық төсек орындар санын 6 мыңға дейін ұлғайтуға мүмкіндік бар. Жалпы, облыс бойынша бүгінгі таңда мыңға жуық инфекциялық және карантиндік төсек орын дайын. Соңғы бір тәулік ішінде облыс аумағында коронавирус инфекциясына шалдыққан 16 адам тіркелді. Өсу тәулігіне 0,42% құрайды. Жалпы Түркістан облысында 113 емделуші, Сарыағаш, Сайрам, Төлеби, Созақ, Түлкібас, Жетісай аудандарының тұрғындары ем қабылдап жатыр. Ауыр жағдайда жатқан науқастар жоқ. Басым бөлігі COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты. Елдегі пандемия басталғалы өңірде 3816 жағдай тіркеліп отыр. Оның ішінде 2372 симптомсыз жағдай, 1642-сі стационарлық»,-делінген хабарламада.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT